Өзбекстан 2030 жылға қарай IT-қызметтер экспортын $5 млрд жеткізеді
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев елдегі IT-қызметтер экспортын дамыту жоспарларымен танысты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
Кеңесте мәлім болғандай, 2030 жылға қарай Өзбекстан IT-қызметтер экспортын 5 млрд долларға жеткізіп, салаға 2 млрд доллар инвестиция тартуды жоспарланып отыр.
Аталған секторды ілгерілету мақсатында Talent Hub бағдарламасын іске қосу ұсынылды. Бұл жоба шетелдік мамандар мен инвесторларға кәсіпорынды онлайн тіркеуге, банк шотын ашуға және халықаралық банк картасын рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, IT Park-тің резиденті саналатын компаниялардың қызметкерлеріне арналған салықтық жеңілдіктерді 2040 жылға дейін ұзарту және IT Visa мен Zero Risk бағдарламаларын кеңейту ұсынылды.
IT-қызметтерді экспорттаушы кәсіпорындарға қосымша қолдау шаралары да қарастырылады. Олардың қатарында жалақы төлеу шығындарының бір бөлігін өтеу және халықаралық сертификат алуға кететін қаражатты қайтару.
Еске салайық, биыл үш айда Қазақстаннан Өзбекстанға бағытталған ақша аударымдары 155 млн доллардан асты.
Мұнымен бірге 2026 жылы Өзбекстан үкіметі шығынға батқан кәсіпорындарды қолдауға $50 млн бағыттайды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан 2030 жылға дейін көлеңкелі экономиканың көлемін 2 есе қысқартуға ниетті.