Үш айда Қазақстаннан Өзбекстанға бағытталған ақша аударымдары 155 млн доллардан асты

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Биыл бірінші тоқсанда Өзбекстанға шет мемлекеттерден түскен ақша аударымдарының көлемі 13%-ға өсіп, 3,8 млрд долларға теңелді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Үш айда Қазақстаннан Өзбекстанға бағытталған ақша аударымдары 155 млн долларданн асты
Фото: Александр Павский/Kazinform

Орталық банктің мәліметінше, қамтылып отырған аралықта Ресейден түскен қаражат 2,75 млрд доллар болды. Бұл ретте оның жалпы аударымдар көлеміндегі үлесі 77,6 пайыздан 72,4 пайызға төмендеді.

Бұл ретте Оңтүстік Кореядағы еңбек мигранттарынан $155,8 млн (+4,1%) түссе, 3 ай ішінде Қазақстаннан Өзбекстанға $155,8 млн (+4,1%) ақша аударымы жасалған.

Еске салайық, қаңтар-мамыр аралығында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд доллардан асты.

Мұнымен бірге Өзбекстанда қазақстандық капиталмен жұмыс істейтін компаниялар қатары көбейді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бес айда 1,2 миллионнан астам қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барған.