13:22, 05 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Өзбекстан ақшасы айтарлықтай құнсызданды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның орталық банкі 5 қыркүйек күнгі АҚШ долларының ұлттық валютаға шаққандағы деңгейі 8 100 сом болғандығын жариялады, деп жазады ҚазАқпарат Өзбекстан орталық банкінің сайтына сілтеме жасап.

Бұл өткен аптадағы көрсеткішпен (4210,35 сома) салыстырғанда, 3889,65 сомға жоғары.
Еуро бағамы 9645,48 сом деңгейінде, бұл өткен бағаммен салыстырғанда, 4678,601 сомға жоғары.
Рубль бағамы 68,731 сомнан, 139,91 сомға дейін жетті.