Өзбекстан әскерінде дроннан төнетін қауіпті тойтаруға жауапты бөлімшелер құрылады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев елдің қауіпсіздігін нығайту мен қорғаныс қауқарын күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстан әскерінде дроннан төнетін қауіпті тойтарумен айналысатын бөлімшелер құрылады
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Оның барысында Өзбекстан басшысы әскердің әлеуетін бүгінде болып жатқан қарулы қақтығыстарды ескере отырып арттырудың маңызына тоқталды.

Яғни, қазіргі аймақтық шиеленістерде жасанды интеллектпен жұмыс істейтін технологиялар, зымырандар мен дрондар қолданылады.

Осыған байланысты Шавкат Мирзиёев дрондарға қарсы әрекет ететін бөлімшелер жасақтауды тапсырды. Мұнымен бірге, президент атап өткендей, Өзбекстан әскерінде жасанды интеллект пен робототехниканы қолдана отырып, қатерлерді тойтаратын киберқауіпсіздік құрылымдары болуы тиіс.

Еске салайық, былтыр желтоқсанда Өзбекстан президенті Қарулы күштер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жауынгерлік әзірлігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған заңға қол қойды.

Құжатқа сай, әскери қызметшілермен құқық қорғау органдары мамандарының құмар ойын ойнауына, шетел азаматтығын және уақытша тұру ықтиярхатын алу үшін өтініш беруіне шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар