Өзбекстан авиаотын тапшылығына байланысты Ресей бағытындағы әуе рейстерін қысқартады
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстанның ең ірі Uzbekistan Airways әуе компаниясы авиаотын тапшылығына байланысты Ресей бағытындағы рейстердің бір бөлігін қысқартады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
— Авиациялық отынның тапшылығы мен оның қымбаттауына байланысты біз Өзбекстан қалаларынан Ресейге бағытталған бірқатар әуе рейсінің санын қысқартамыз, — делінген компанияның хабарламасында.
Бүған дейін хабарлағанымыздай, әуе компанияларының отынға деген қажеттілігі толық қамтамасыз етілгеніне қарамастан, Қазақстан авиаотынды төрт елден импорттауды жалғастырып отыр.
Сонымен қатар, таяуда авиаотын тапшылығы саяхат құнына қалай әсер етіп жатқаны туралы жазған едік.