09:49, 01 Шілде 2012 | GMT +5
Өзбекстан азаматы бір отар қойды заңсыз сатқан - ОҚО
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Өзбекстан тұрғыны Оңтүстік Қазақстанда бір отар қойды заңсыз сатқан. Қойлар мен олардың бұрынғы иесі Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен болып шықты.

Шекарадағы кедендік бақылауды айналып өткен контрабандашының жеке тұлғасы әлі анықталмады. Ол 100 бас қойды ОҚО-ның Мақтаарал ауданының тұрғынына 1 миллион теңгеге сатқан. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде (КБД) мәміленің сатып алушы үшін аса тиімді болғанын айтты. ОҚО бойынша КБД баспасөз қызметі: «Сот сараптамасы институты жүргізген сот-тауар сараптамасының қорытындысына сәйкес, 100 бас қойдың бағасы 2 миллион 500 мың теңгеге бағаланды», - деп мәлімдеді.
Аталмыш жайт бойынша КБД-ның Контрабандаға қарсы күрес бойынша басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалы, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.