10:07, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Өзбекстан азаматынан 75 келіден астам марихуана тәркіленді
ТАЛДЫҚОРҒАН. 11 қараша. ҚазАқпарат - Іле ауданында Алматы облысы ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Өзбекстанның 46 жастағы азаматын ұстады.

Есірткі салынған жеті сөмкені Междуреченск кентінің маңында, Ақсай өзені жағасындағы арнайы құпия орыннан қызметтік іздестіру иті тапты. Тәркіленген есірткі заттарының 35 келіден астамы кептірілген марихуана болып шықты.
Күдікті шетел азаматына қатысты жаза қолдану мәселесі шешіліп жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.