Өзбекстан БАҚ жөніндегі ЕҚЫҰ конференциясын қабылдайды

Ташкент араға 15 жыл салып жыл сайын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бюросының ұйымдастыруымен өтетін БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі бұқаралық ақпарат құралдарының Ортаазиалық конференциясын қайта қабылдайды. «Орталық Азиадағы ашық журналистика» деген тақырыппен өтетін 19-ыншы форум Өзбекстан астанасында 18-19 қазан күндері өтеді.
Конференцияға 80-ге жуық журналист, үкімет өкілдері, азаматтық қоғам ұйымдары, ғылыми орта және халықаралық сарапшылар қатысып, өңірдегі БАҚ бостандығына қатысты мәселелерді талқыламақ.
Күн тәртібінде ақпарат тарату беталысы, мобильді және цифрлық ортаның дамуына байланысты шақырулар, сондай-ақ БАҚ бостандығын қорғау және бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл мәселелері қаралады.
ЕҚЫҰ-ының БАҚ жөніндегі Ортаазиялық конференциясы жыл сайын аймақ елдерінің бірінің астанасында өткізіліп келеді. Бұның алдындағы 18-інші конференция Венада өтті. Өзбекстан астанасы 2002 жылы «БАҚ бостандығы және жемқорлық» деген тақырыппен өткен 4-інші конференцияны қабылдаған болатын.