09:30, 25 Тамыз 2017 | GMT +5
Өзбекстан балаларды зиянды ақпараттан қорғауды заңмен бекітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан сенаты «Балалардың денсаулығына зиян тигізетін ақпараттардан оларды қорғау туралы» заңды мақұлдады. Бұл туралы Кабар хабарлайды.

Ғылым, білім, мәдениет және спорт жөніндегі комитет төрағасы Зайнитдин Низамходжаевтың айтуынша, аталған заңның басты мақсаты - балалардың психикасын бүлдіретін, жанын жаралайтын ақпараттардың ықпалынан қорғау, олардың таралуына жол бермеу, сондай-ақ балалардың жалпы денсаулығына зиян келтіретін ақпараттарға қолжетімділікті шектеу.
«Жаңа заңға сәйкес, бұдан былай ақпараттық өнімдер 7, 12, 16 және 18 жас ерекшеліктеріне қарай белгіленетін болады», - деп атап өтті Комитет төрағасы.