13:15, 27 Тамыз 2022 | GMT +5
Өзбекстан импорттайтын ұнның 95%-дан астамы — қазақстандық өнім
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанға бидай ұнын негізгі жеткізушісі болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өзбекстан Республикасы мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-шілдеде Өзбекстан 72,7 млн АҚШ доллары сомасына 227,8 мың тонна бидай ұнын импорттаған. Бидай ұны импортының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,6 мың тоннаға ұлғайған.
Ведомствоның мәліметінше, 218,3 мың тонна бидай ұны, яғни барлық импорттың 95,8%-ы Қазақстаннан сатып алынған. Ресейден 9,4 мың тонна ұн импортталған.
Бұған дейін хабарланғандай, 2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы импорттың 37,8% үлесімен Өзбекстанға азық-түлік тауарларын жеткізуші негізгі елдер тізімінде бірінші орын алады.
Ашық көздерден алынған фото