Өзбекстан ислам банкі активтері бойынша аймақта екінші орынға көтеріледі

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстандағы ислам банкінің активтері 2033 жылға қарай 2,4 млрд долларға дейін өседі. Бұл көрсеткіш бойынша республика Қазақстанды алға жіберіп, аймақта екінші орынға шығуы мүмкін, деп хабарлайды Podrobno.uz.

активтерді қайтару
Фото: freepik.com

Еуразиялық даму банкінің базалық болжамына сәйкес, Өзбекстан қазір көршілерден артта қалғанымен, жағдай құқықтық саладағы реформалардың арқасында өзгеруі мүмкін. Елдегі исламдық банкинг активтері 2028 жылға қарай 1,1 млрд долларға жетеді, ал сукук (исламдық облигациялар) көлемі 2033 жылға қарай 600 миллион доллардан 1,9 млрд долларға дейін өседі деп болжанып отыр.

Сарапшылар халық санының өсуіне және тиісті өнімдерге сұраныстың артуына байланысты аймақтағы исламдық қаржыландырудың айтарлықтай әлеуетін атап өтеді. Еуразиялық даму банкінің бағалауы бойынша, 2028 жылға қарай Орталық Азиядағы ислам банктерінің активтері 2,5 млрд, ал 2033 жылға қарай 6,3 млрд АҚШ долларына жетеді. Осы кезеңде сукук нарығы 5,6 млрд долларға дейін өседі.

Еске сала кетейік, исламдық қаржыландыру несімен ерекше екені жайлы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар