Өзбекстан кандидатурасын ресми түрде ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің мүшелігіне ұсынды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM - Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Өзбекстанды ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің мүшелігіне ресми түрде ұсынуға арналған жиын өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ӨзА-ға сілтеме жасап.

Оған Мәдениет пен өнерді дамыту қорының төрайымы Гаяне Умерова, Өзбекстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Камол Мухторов, ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің төрайымы Вера Лэйки қатысты.
Кездесуде Өзбекстанның ЮНЕСКО мақсаттарына адалдығы және оның ұйым қызметіне қосқан тұрақты үлесі мойындалды. Осы отырыс барысында Өзбекстанның 2027-2030 жылдар аралығындағы ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің мүшелігіне ресми түрде кандидатурасын ұсынғаны белгілі болды.
— Сонымен қатар тараптар мәдениетаралық диалогты нығайту, жаңа бастамаларды қолдау және 2025 жылдың қарашасында Самарқандта өтеді деп жоспарланған ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы аясында талқыланатын жобалар туралы пікір алмасты.
Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Өзбекстанның бұл бастамасы оның халықаралық мәдени ынтымақтастық пен практикалық іс-әрекетке деген ұмтылысының жарқын мысалы ретінде танылды, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Келер жылы Өзбекстан ТМҰ-ға мүше елдермен бірлесіп ғарышға спутник ұшырмақ.