Өзбекстан Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдеріне акциздік салықты төмендетті

Қабылданған шаралар Өзбекстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың наурыз айындағы Қазақстанға ресми сапарының жемісі болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін қазақстандықтар үшін Өзбекстан нарығына шығуға қолайлы жағдай жасалды. Атап айтқанда, макарон өнімдеріне акциздік салық жойылды (бұрын 30 және 50% болатын). Сонымен қатар, Өзбекстанға тасымалданатын бірқатар ауылшаруашылық өнімдеріне акциздік салық төмендеді. Атап айтқанда, салық 55% бидай ұнына (11-ден 5%-ға дейін), мақсары мен күнбағыс майына 2 есе; (20-дан 10%-ға дейін), сірке суы қосылмаған консервіленген көкөністерге 5 есе (50-ден 10%-ға дейін), жеміс және көкөніс шырындарына 2,3 есе (70-тен 30%-ға дейін), дайын тұздық пен тұздық дайындауға 2,8 есе ( 70-тен 25%-ке дейін, қызанақ кетчубы мен майонезден басқа) төмендеген.
«2016 жылы Қазақстаннан Өзбекстанға экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің сомасы 426,9 млн. долларды құрады. Сонымен қатар, өткен жылы Қазақстан Өзбекстанға 1 725,2 мың тонна бидай, 4,7 млн тонна ұн, 96 мың тонна күнбағыс тұқымын, 10,2 мың тонна өсімдік майын және 51 мың тонна картопты экспортқа шығарған еді», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан баспасөз баянында.