Өзбекстан мен Германия ынтымақтастықты ілгерілететін 8 құжатқа қол қойды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Самарқанда Германия канцлері Олаф Шольцпен келіссөз жүргізіп, тараптар ынтымақтастықты бекемдей түсуге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Өзбекстан басшысы мен Германия канцлері арасында өткен келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен декларацияға және 8 құжатқа қол қойылды:
- көші-қон және жан-жақты әріптестік туралы үкіметаралық келісім;
- ветеринария және мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық декларация;
- «Жасыл Орталық Азия» бастамасы шеңберінде су ресурстарын тұрақты пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық декларация;
маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларация;
көлік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
Париж келісімі аясында климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Бұған қоса, 2024-2026 жылдарға арналған технологиялық әріптестік және өнеркәсіптік кооперация жөніндегі бағдарлама қабылданып, Өзбекстан мен Германияның жетекші кәсіпорындары деңгейінде бірнеше келісім жасалды.