Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында 2 өткізу бекеті ашылды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында екі өткізу бекеті ашылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

шекара
Фото: ӨР Кеден комитеті

Кеден комитетінің мәліметінше, Наманған облысының Қырғызстанмен шектесетін Учкурган ауданында «Учкурган» кеден бекетінің ашылу салтанаты өтті. 

шекара
Фото: ӨР Кеден комитеті

Өткізу бекеті күніне орта есеппен 10 мың адамды қабылдауға қауқарлы. Бұған қоса, ол 500-ден астам жүк, 300-ден аса жеңіл көлікті өткізе алады. 

шекара
Фото: ӨР Кеден комитеті

Екінші өткізу пункті Андижан облысында орналасқан. «Қарасу» бекеті араға 14 жыл салып, қайта ашылып отыр. Ол күніне 12 мыңнан астам адамды қабылдамақ. 

шекара
Фото: ӨР Кеден комитеті

Ведомстводан атап өткендей, екі өткізу пунктінде де азаматтарға барлық жағдай жасалған және кедендік бақылау процестері жеделдетілген режимде жүргізіледі. 

шекара
Фото: ӨР Кеден комитеті
Соңғы жаңалықтар