Өзбекстан мен Қытай шағын ядролық реакторларды қолдану мүмкіндігін зерделемек

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстанның Атом энергетикасы агенттігінің директоры Азим Ахмедхаджаев пен қытайлық CNOS компаниясының (CNNC-ке еншілес компания) бас директоры Вэй Фуки Шанхайда кездесіп, екі елдің атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастығын талқылады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстан мен Қытай
Фото: Uzatom агенттігі

«Кездесуде CNNC-пен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, Қытайдың АЭС салудағы озық тәжірибесін игеру және Өзбекстанда қытайлық шағын модульдік реакторларды қолдану мүмкіндігін зерделеу келісілді», — деп атап өтті Uzatom агенттігінен.

кездесу
Фото: Uzatom агенттігі

Еске сала кетейік, Өзбекстанда ресейлік технология бойынша өңірдегі алғашқы аз қуатты атом электр станциясы салынады.

Таяуда Өзбекстан мен Ресей АЭС салу келісімшартының күшіне ену хаттамасына қол қойды.

Қоса кетсек, бұған дейін Kazinform редакциясы Өзбекстанда қандай энергоблоктар салынатынын жазып еді.

Соңғы жаңалықтар