11:39, 01 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Өзбекстан мен Қырғызстан ортақ шекараның 80 пайызын белгіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан мен Қырғызстан келісілген аумақтағы (ортақ шекараның 80 %-ы) мемлекеттік шекара жөніндегі келісімшарт жобасын дайындады, деп хабарлайды gazeta.uz .

21-31 тамыз күндері Бішкекте, одан кейін Ташкентте өзбек-қырғыз мемлекеттік шекарасын анықтау және демаркациялау мәселелері бойынша Өзбекстанның үкіметтік делегациялары тобы мен Қырғызстан үкіметі делегацияларының топограф-жерді белгілеу жұмыс тобының кездесуі өтті.
Өзбекстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар ортақ шекараның 80 пайызын құрайтын келісілген аумақтағы өзбек-қырғыз мемлекеттік шекарасы жөніндегі келісімшарт жобаларын талқылап, мақұлдады. Сонымен қатар, мемлекетаралық құжаттың тиісті қосымшасы әзірленді.