Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 21 мамыр күні Алматы уақыты бойынша 22 сағат 20 мин 41 секнудта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

Зілзаланың ошағы Алматыдан батысқа қарай 480 км қашықтықта Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында болды.

«Зілзаланың энергетикалық қуаты 10.4. Магнитудасы 4.6. MPV. Эпицентрінің бағыты 42.21° с.е. 71.21° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезілуі туралы мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.