Өзбекстан мен Қырғызстанда 4 балдық жер сілкінісі болды

None
БІШКЕК. ТАШКЕНТ - ҚазАқпарат –Өзбекстан мен Қырғызстанда бүгін таңертең 4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қырғызстандық Кабар және өзбекстандық БАҚ сілтеме жасап.

Қырғызстан Республикасы Сейсмология институтының ақпаратынша, жерасты дүмпулері Ош облысының Алай ауданындағы Бор-Добо ауылында 4,5 балл, Нұра және Эркештам ауылдарында - 4 балға дейін сезілді. Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ 4 балдық жер сілкінісі Ташкентте және басқа қалаларда сезілді.

Еске салсақ, Тәжікстанда болған 7 балдық жер сілкінісі Алматы мен Шымкентте сезілді.


Фото: earninginmotion.com.
Соңғы жаңалықтар
telegram