16:41, 09 Қаңтар 2025 | GMT +5
Өзбекстан мен Ресей ғалымдары зорлық-зомбылықты анықтайтын нейрондық желі жасап шығарды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM - Өзбекстан мен Ресейдің ғалымдары бірлесіп, бейнебақылау камералары арқылы көшедегі зорлық-зомбылықты анықтай алатын нейрондық желі құрастырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
TAСС агенттігінің мәліметінше, жасанды интеллект түрлі логикаларды қолдана отырып, көшедегі зорлық-зомбылық фактілерінің 98 пайыздан астамын анықтауға қабілетті.
Қос елдің ғалымдары құрастырған нейрондық желіні алдағы уақытта «Ақылды қала» жүйесіне енгізу жоспарланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов нейрондық желілер арқылы төтенше жағдайларды болжау жүйесі енгізілетінін мәлімдеген еді.