15:20, 30 Мамыр 2025 | GMT +5
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Астанаға келді
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев «Орталық Азия – Италия» форматындағы саммитке қатысу үшін бүгін Астанаға келетіні хабарланған еді.


Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Италия Премьер-министрі Джорджа Мелониді елорда әуежайынан күтіп алды. Мемлекет басшылары әуежайында аз-кем әңгімелесті.
Сонымен қатар, бүгін «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келгенін жаздық.