11:13, 17 Наурыз 2013 | GMT +5
Өзбекстан Президенті Қазақстан басшысын Наурыз мейрамымен құттықтады
ТАШКЕНТ. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Өзбекстан басшысы Ислам Кәрімов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ӨР Президентінің баспасөз қызметінен.

Өзбекстан Республикасының Президенті Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мен Түркия басшыларын көктемнің басты мерекесімен құттықтады, деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Өзбекстанда Наурыз 21-і күні тойланады.