Өзбекстан шекарасында әйел немересін заңсыз тасымал үшін пайдаланған

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстандық кеденшілер Қазақстанмен шекарадағы «Мәлік» өткізу пункті арқылы өзбек тарапына алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың ірі партиясын алып өтпек болған әйелді анықтады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

зергерлік бұйым
Фото: Өзбекстанның Кеден комитеті

Өзбекстан Кеден комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шекара бекеті арқылы өтпек болған әйелді тексеру кезінде оның аяғына оралған 19 қаптама табылды. Оның ішіне гауһар тастармен безендірілген әрі бағалы металдардан жасалған 468 зергерлік бұйым жасырылған.

Анықталған әйел 14 жастағы немересін де заңсыз тасымал үшін пайдаланған. Кәмелетке толмаған қызды тексеру барысында одан 454 зергерлік бұйым жасырылған 12 қаптама табылды.

Жалпы саны 922 әшекейдің салмағы 6,7 келіден асады, ал олардың құны - 5,6 млрд сум (шамамен 213,8 млн теңге).

Соңғы жаңалықтар