Өзбекстан соңғы 32 жылда алғаш рет ТҮРКСОЙ ұйымына өз өкілін тағайындады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан алғаш рет Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымына (ТҮРКСОЙ) өз өкілін тағайындады. Бұл лауазымға республика Мәдениет министрінің кеңесшісі Шавкат Артықов тағайындалы, деп хабарлайды ӨР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.

Өзбекстан соңғы 32 жылда алғаш рет ТҮРКСОЙ ұйымына өз өкілін тағайындады
Фото: ӨР Мәдениет министрлігі

Өзбекстан өкілі Анкарада жұмыс істейді. Тиісті тағайындауды министрлік басшысы Озодбек Назарбеков мәлім мәлімдеді.

Өзбекстан — ұйымның негізін қалаушылардың бірі. Оны құру туралы келісім 1993 жылы 12 шілдеде Қазақстанның Алматы қаласында жасалған. Келісімге Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Түркияның мәдениет министрлері де қол қойды.

ТҮРКСОЙ түркітілдес халықтардың рухани құндылықтары мен тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және халықаралық деңгейде насихаттаумен айналысады.

Еске сала кетейік, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Ақтауда өткен шараға жоғары баға берді.

Соңғы жаңалықтар