Өзбекстан тұрғындарының 12 пайызы жоғары білім алған
АСТАНА. KAZINFORM — Өзбекстанда жүргізілген халық санағының нәтижесі бойынша 15 жастан асқан 3,2 миллионнан астам адамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар. Бұл аталған жас тобындағы тұрғындардың 12 пайызын құрайды, деп хабарлайды Kazinform.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 9,7 миллион адам (35,8 пайыз) орта арнаулы және кәсіптік білім алған. Ал 11,6 миллион тұрғынның (42,8 пайыз) жалпы орта білімі бар. https://t.me/statistika_ru/1586
15 жастан асқан әрбір 1 000 адамның 120-сы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, 358-і орта арнаулы және кәсіптік, ал 428-і жалпы орта білім алған.
Сондай-ақ халық санағының дерегіне сәйкес, Өзбекстанның білім беру ұйымдарында жеті жастан асқан 9,6 миллион адам білім алады. Оның 4,95 миллионы (51,5%) – ерлер, ал 4,66 миллионы (48,5%) – әйелдер.
Жоғары оқу орындарында 1,73 миллион адам білім алып жатыр. Олардың 49 пайызы – әйелдер.
Бұған дейін Өзбекстанда халық саны бір жылда 700 мың адамға өскені хабарланған болатын.