Өзбекстан ТЖМ Қазақстандағы автобус өртінде 52 азаматының қаза тапқанын растады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан ТЖМ Ақтөбе облысында өртенген автобуста өзбекстандық 52 азаматтың қаза тапқанын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өзбекстан ТЖМ Қазақстандағы автобус өртінде 52 азаматының  қаза тапқанын растады

«Өрт кезінде 52 адам қаза тауып, 5 адам зардап шеккен. Салонда барлығы 57 адам болған, бастапқы дерек бойынша оның 55-і Өзбекстан және екеуі ҚР азаматы», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, Өзбекстанның Республикасының Қазақстандағы консулы Шухрат Тешабаев Алматыдан оқиға орнына аттанды.
Еске салайық, төтенше жағдай Ақтөбедег 320 шақырым қашықтықта Қалыбай кентінен 10 шақырым жерде «Самара-Шымкент» тасжолының бойында болған.

Жедел штабта белгілі болғандай, автобус Өзбекстаннан Ресейге күнкөріс қамымен бара жатқан. Онда Өзбекстанның 54 азаматы мен 3 қазақстандық болған. Автобуста шыққан өрт салдарынан 52 өзбекстандық қаза тапты. Тірі қалғандардың арасында 3 қазақстандық және 2 өзбекстандық бар. Оларды жеңіл деңгейде күйік шалған. Оқиғаның мән-жайы тергеу амалдары барысында анықталмақ.