Өзбекстан үкіметі есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтеді
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан билігі есірткі қылмыстарына қарсы күрестің 2025-2026 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасын қабылдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Өзбекстан басшысының төрағалығымен өткен кеңесте мәлім болғандай, жыл басынан бері республикада 11 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталған. Сондай-ақ, 10 айдың ішінде 2,5 мың тоннаға жуық есірткі тәркіленді.
— Сондықтан ұлттық заңнамаға мұндай қауіп-қатерлердің алдын алуға, олармен қатаң күресуге бағытталған нормаларды енгізетін уақыт келді, — деді Шавкат Мирзиёев.
Кеңесте көршілес ел президенті жуапты ведомство жетекшілеріне заңсыз есірткі айналымын шектеу, жазаны қатаңдату, зертханалардың жұмысына жәрдемдесетін лауазымды тұлғаларды анықтауды тапсырды.
Жиын қорытындысы бойынша есірткі қылмыстарына қарсы күрестің 2025-2026 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы мақұлданды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өзбекстандықтар алаяқтар рәсімдеген несиелерді төлеуден босатылмақ.
Қоса кетсек, таяуда Қазақстанда есірткінің заңсыз айналымына тартылған 60-тан астам кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды.