Өзбекстан және Әзірбайжан президенттері Бакуде біріккен мәлімдемеге қол қояды

ТАШКЕНТ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімов 2012 жылдың 11-12 қазан күндері Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруы бойынша Баку қаласына ресми сапармен келеді.
None
None

«ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігінен хабарлағандай, жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың жағдайы мен болашағын талқылау, көкейкесті аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу белгіленген.

 Ресми сапардың қорытындылары бойынша мемлекет басшыларының түрлі салалардағы өзбекстандық-әзірбайжандық ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге бағытталған Біріккен мәлімдемеге, бірқатар басқа құжаттарға қол қоюы шамалануда.

Соңғы жаңалықтар