Өзбекстан жемқорлық үшін сотталғандардың электрондық тізілімін жасамақ

АСТАНА. KAZINFORM — Өзбекстан сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін кінәлі деп танылған адамдардың электрондық тізілімін жасамақ, деп хабарлайды Kazinform.

Узбекистан намерен создать электронный реестр осужденных за коррупцию
Фото: qalampir.uz

Қаулы жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды. Құжатқа сәйкес, электрондық тізілімге қылмыскерлер сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс үшін кінәлі деп таныған соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде енгізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс үшін кінәлі деп танылған адамдар туралы ақпаратты электрондық тізілімге Өзбекстан Ішкі істер министрлігі соттың айыптау үкімі (бұйрығы) заңды күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізеді.

Тізілімдегі ақпарат соттылықтың бүкіл мерзімі ішінде сақталады.

Егер азамат бірнеше сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталса, әр қылмыс туралы ақпарат бөлек жазылады.

Электрондық тізілімге енгізілген адамдарға мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік марапаттар алу, сайланатын және тағайындалатын лауазымдарға ұсынылу, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы қоғамдық кеңестер мен алқалы органдарға мүше болу бойынша шектеулер қойылады. Сонымен қатар, оларға мемлекеттің үлесі 50%-дан асатын ұйымдарда және мемлекеттік білім беру мекемелерінде, сондай-ақ жарғы капиталының 50%-дан астамына иелік ететін өздері құрған коммерциялық кәсіпорындарда басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салынады. Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларына қатысуға да тыйым салу қарастырылып отыр.

Осы шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету үшін электрондық тізілім мемлекеттік жұмыспен қамту жүйелеріне және мемлекеттік сатып алу порталына жалғанады. Бұл мемлекеттік қызметке және мемлекеттік сатып алуға қатысатын компанияларға үміткерлерді іздегенде автоматты түрде іріктеуге және қолданыстағы заңды шектеулер анықталған жағдайда шешімдерді тоқтатуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Мажарстанның бұрынғы үкіметіне қатысты жемқорлық деректері тексеріліп жатқаны хабарланған.