Өзбекстанда 2025 жылғы инфляция деңгейіне болжам жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — Өзбекстан Сенаты 2025 жылға арналған бюджетті бекітті.

Инфляция в Турции
Фото: Freepik

Шоғырландырылған бюджет кірісі 431 триллион сумды (шамамен 33,4 миллиард доллар), шығысы 480,5 триллион сумды (37,3 миллиард доллар) құрайды деп болжанды.

Сонымен бірге, мемлекет қазынасының кірісі 308,5 триллион сумды (23,9 миллиард доллар), шығысы — 344,8 триллион сумды (26,7 миллиард доллар) құрайды. Инфляцияның болжамды деңгейі 7 пайызды құрайды.

Қабылданған заңда республикалық бюджеттің әлеуметтік бағыты да сақталған. Барлық шығындардың 52 пайызы осы секторға бөлінеді. Медицинаға 41,3 триллион сум (3,2 миллиард доллар) және қоршаған ортаға 3,6 триллион сум (279 миллион доллар) бөлу жоспарланған.

Өзбекстанның ішкі жалпы өнімі соңғы бес жылда екі есе өсіп, 100 миллиард доллардан асты деп хабарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанның Орталық банкі ЖІӨ өсімін 6-6,5% деңгейінде болжады.

Бұған дейін жыл басынан бері 1,3 млн қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар