Өзбекстанда 4,4 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 5 қаңтар күні 15 сағат 46 минут 05 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан 456 шақырым қашықтықта Өзбекстан территориясында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.3. MPV тербелісі - 4.4. Тереңдігі - 25 км.