Өзбекстанда 500 әйелді автобус жүргізушісі мамандығына оқыту жоспарланып отыр

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында «Тошшахартрансхизмат» АҚ басшысының бірінші орынбасары Рустам Шамурадов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Өзбекстанда 500 әйелді автобус жүргізушісі мамандығына оқыту жоспарланып отыр
Фото: «Тошшахартрансхизмат» АҚ

Айта кетсек, бұған дейін Өзбекстан үкіметі әйелдерге қоғамдық және ауыр жүк көліктерін басқаруға шектеу қоятын заңнама талабын алып тастады. Сәйкесінше, қазіргі таңда Ташкентте екі әйел автобус жүргізушісі болып жұмыс істейді. 

Енді «Тошшахартрансхизмат» АҚ әйел-жүргізушілердің қатарын көбейтуге ниетті. 

– D және E санатындағы көлік басқаруға құқығы бар әйелдерді жұмысқа қабылдаймыз. Биыл 200 автобусты тізгіндейтін 500 әйелді оқыту жоспарланып отыр.  Өйткені, біз қазір қоғамдық көлік жүргізіп жүрген нәзік жандылардың жұмысын жоғары бағалаймыз. Олар жол ережесін бұзбайды, темекі шекпейді және рульде ұялы телефон пайдаланбайды, - деді Рустам Шамурадов. 

Еске салайық, Өзбекстанда автобус жолағына түскен көлік жүргізушілеріне айыппұл салынуы мүмкін. 

Сонымен қатар Өзбекстаннан Қазақстанға қатынайтын жаңа автобус рейстері ашылады. 

Соңғы жаңалықтар