Өзбекстанда 600 мың балаға коронавирус екпесі салынды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда балаларға ерікті түрде коронавирусқа қарсы екпе салу науқаны аясында 12-ден 18 жасқа дейінгі 600 мың балалар мен жасөспірімдер вакцинацияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өзбекстанда 600 мың балаға коронавирус екпесі салынды

Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша үш ай ішінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі 600 733 бала коронавирусқа қарсы екпе алған.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда балаларды вакцинациялау науқаны 29

қыркүйекте басталды. Балаларға екпе вакцинация жасау орындарының кез келген нүктесінде

олардың ата-аналары мен қамқоршыларының келісімімен салынады.

Вакцинация үшін немістің Pfizer/BioNTech вакцинасы қолданылады.