Өзбекстанда АЭС салу үшін халықаралық консорциум құрылады
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанда салынатын аз қуатты атом электр станциясының құрылысына шетелдік компаниялар да қатысады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

«O'zbekiston 24» телеаранасына сұхбат берген Азим Ахмедхаджаевтың айтуынша, жобада Ресеймен бірге қытайлық технологиялар және Еуропаның цифрлық бағдарламалары, аппараттық жүйелері пайдаланылады.
Сонымен қатар станцияға қажетті судың көлемін азайту мақсатында Мажарстан немесе Қытайда құрастырылатын «құрғақ салқындату жүйесін» қолдану жоспарланып отыр.
- Біз озық технологияларды қолдана отырып, жобаны тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін халықаралық консорциум құрамыз, - деді Азим Ахмедхаджаев.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан АЭС құрылысына шетелдік компанияларды тартуға ниетті екенін жазып едік.
Өзбекстанда ресейлік технология бойынша өңірдегі алғашқы аз қуатты атом электр станциясы салынады.
Әрқайсысының қуаты 55 МВт болатын 6 реактор (жалпы қуаты – 330 МВт) Джизак облысындағы Тузкан көлінде бой көтерді. АЭС-тің алғашқы рекаторы 2029 жылдың соңында іске қосылмақ. Ал ол толық қуатта 2033 жылдан бастап жұмыс істемек.
Осыған сай, таяуда Өзбекстан мен Ресей АЭС салу келісімшартының күшіне ену хаттамасына қол қойды.