Өзбекстанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Өзбекстанда әскери тікұшақ оқу-жаттығу ұшуы кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Каzinform агенттігінің тілшісі.

тікұшақ
Фото: pixabay.com

Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 17 қараша күні сағат 20:15-те Өзбекстанның Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-әуе күштері қолбасшылығына тиесілі Ми-8 тікұшағы Самарқан облысындағы “Каттақорған” полигонында оқу-жаттығу ұшуы кезінде құлады.

“Апат салдарынан тікұшақ экипажы қаза тапты. Қазіргі кезде апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Қаза болған әскери қызметшілердің отбасы мүшелері мен туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз», - делінген ведомство хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар