Өзбекстанда баласына заңсыз діни тәрбие берген ата-аналарға айыппұл салынады
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанда баласына заңсыз діни білім беретін ата-аналар енді әкімшілік жауапқа тартылады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Аталған өзгеріс Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне енгізілді.
Оған сай, баласына дін негіздерін дұрыс түсіндірмеген және заңсыз діни тәрбие берген ата-аналарға 5-тен 10 есептік шамаға дейін (70-144 мың теңге аралығы) айыппұл салынады. Егер осындай әрекеттер қайталанатын болса, онда кінәлілер 10-15 базалық есептік шама (144-218 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.
Еске салайық, Өзбекстан мектептеріне оқушыларды энергетикалық сауаттылық негіздеріне үйрететін бағдарлама енгізіледі.
Сондай-ақ, көршілес елдің Сенаты алаңды шаңдатып, құрылыс жүргізетіндерге айыппұл салатын заң жобасын мақұлдады.