Өзбекстанда бизнеспен айналысқан 400-ге жуық мемқызметші анықталды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанда мемлекеттік қызметте жүріп, кәсіпкерлік субъектілеріне иелік еткен министрліктердің 398 маманы анықталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

мемқызметші
Фото: freepik.com

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, Су шаруашылығы мен Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылық лауазымдағы 398 қызметкері 449 кәсіпкерлік субъектісінің құрылтайшысы болғаны анықталды.

Өзбекстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы министрлігінде 93 қызметкер 112 компанияның құрылтайшысы болса, Су шаруашылығы министрлігінде 26 маман 35 бизнеске иелік еткен. Бұған қоса, Ауыл шаруашылығы министрлігінің 279 еңбеккері 302 компанияның басшысы екені анықталды.

Агенттік аталған министрліктерге тиісті ұсыныс жолдап, нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылды.

Соңғы жаңалықтар