Өзбекстанда бояу материалдары тиелген жүк көлік жарылды, 6 адам ауруханада

АСТАНА.ҚазАқпарат - Өзбекстанда лак-бояу материалдары тиелген жүк көлігі аударылып, 6 адам зардап шекті, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
None
Фото: fvv.uz

«Бүгін сағат 11:10 кезінде «Ташкент – Ош» халықаралық тас жолының Қамшық асуына түсетін 259-шақырымында жүк көлігі мен 3 жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан лак-бояу өнімдері тиелген жүк көлігі жанып, жарылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру және құтқару жасағы оқиға орнына дереу жетіп, 25 минутта жалынды сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккен 6 адам жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді. Өрт толығымен сөндірілгеннен кейін жүк көлігінде жүргізуші қаза тапқаны белгілі болды», - делінген министрлік хабарламасында.



Соңғы жаңалықтар