Өзбекстанда экологиялық қылмыс үшін жаза күшейтілмек
АСТАНА. KAZINFORM – Елде заңсыз аңшылық пен браконьерліктің салдарынан флора мен фауна түрлерінің саны азайып, экологиялық жағдай нашарлаған. Бұл халықтың наразылығын туғызып отыр, деп хабарлайды UZA.
Бұл мәселеге Сенаттың жалпы отырысында көтерілді. Құрылыс және басқа да жұмыстар кезінде химиялық, биологиялық және бактериологиялық құралдарды пайдаланып ағаштарды қасақана зақымдау байқалатыны, электр қуаты мен жарылғыш заттарды пайдаланып балық аулау жағдайлары жиілеп, бұл балық қорының азайып, балықтардың жойылып кетуіне әкеліп соғатыны айтылды.
Қолданыстағы заңнамада бұл үшін жеңіл жаза қарастырылғаны браконьерлерге тиімді болып тқр. Экология және қоршаған ортаны қорғау органдарының мемлекеттiк инспекторының заңды қызметiне кедергi келтiргенi, оның нұсқауларын орындамағаны үшiн белгiленген санкция осы саладағы құқық бұзушылықтың алдын алудың тиiмдi болуына мүмкiндiк бермейдi.
Ұсынылып отырған «Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауды күшейтуге бағытталған толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңы қолданыстағы екі кодекске және екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Атап айтқанда, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған Қылмыстық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Электр тоғын, жарылғыш және химиялық заттарды, биологиялық препараттарды қолданып аң аулағаны немесе балық аулағаны үшін құқық бұзушы негізгі есептік бірліктің төрт жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не белгілі бір құқықтан айыра отырып, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ауырлататын мән-жайлар бойынша қосымша жаза ретінде белгілі бір құқықтардан айыру түріндегі жаза да енгізіледі.
Аңшылық және балық аулау ережелерін, жануарлар дүниесін пайдаланудың өзге де түрлерін пайдалану ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексте көзделген айыппұл мөлшері де екі есеге ұлғайтылмақ.
Аңшылық және балық аулау ережелерiн, жануарлар дүниесiн пайдаланудың өзге де түрлерi ережелерiн бұзғаны, мемлекеттiк экологиялық инспектордың заңды қызметiне кедергi келтiргенi, оның нұсқауларын орындамағаны үшiн де жауапкершiлiк күшейтiлмекші.
Бұл азаматтарға 5-тен 10-ға дейін, ал лауазымды тұлғаларға 20-дан 30 БРВ-ға дейін айыппұл салуды көздейді.
Сенаторлар мақұлдаған заң алдағы уақытта экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, Өзбекстанның табиғи ресурстарын қорғауға қызмет етпек.