Өзбекстанда экономиканың дамуына селқос қараған 300-ге жуық шенeyнік жұмыстан босатылды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанда қызметіне немқұрайлы қарап, жедел шешім қабылдай алмаған экономика саласына жауапты 297 басшы жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстанда 300-ге жуық шенeyнік жұмыстан босатылды
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қызметінен босатылған шенеуніктердің орнына тың қөзқарастағы және халықтың сұранысына сай еңбек етуге ниетті жастар тағайындалды.

Өзбекстанда 300-ге жуық шенeyнік жұмыстан босатылды
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

— Қатаң ескертемін: егер басшы махалляға барып, тұрғындар мен кәсіпкерлердің мәселесін шешумен айналыспаса, онда оның лауазым иеленуге құқығы жоқ. Барлығы өзгеруі тиіс. Қазір әлемдегі саяси және экономикалық жағдай күрделеніп, жаңа қауіп-қатерлер көрініс таба бастады. Егер біз оған бейімделіп, бүгін тиісті шара қабылдамасақ, ертең кеш болады, — деді жиында сөз алған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанда инвестиция тарту ісіне селқос қараған бірқатар жоғары лауазымды шенеунік қызметін босатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар