Өзбекстанда «Jump Rope» спорт федерациясы құрылды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM - Ташкенттегі «Олимпиада және паралимпиада даңқы» музейінде Өзбекстанның «Jump Rope» федерациясының құрылтай жиналысы өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ӨзА-ға сілтеме жасап.

Спорт министрлігі, Ташкент қаласы әкімшілігі және осы спорт ойынының бастамашылары қатысқан жиында Өзбекстанда салауатты өмір салты қағидаттарына көңіл бөлініп жатқаны айтылды. Атап айтқанда, халық арасында «Jump Rope» спортын одан әрі танымал ету мәселелері талқыланды.
Айта кету керек, «Jump Rope» яғни, арқанмен секіру 2021 жылдан бастап халықаралық аренада дамып келе жатқан жаңа спорт түрі.
Жиында арқанмен секіру («Jump Rope») спортын халық арасында кеңінен насихаттауға мүмкіндіктер бар екені айтылып, бұл балабақша, мектеп, ауданда жастардың сүйіп айналысатын спорт түрі екеніне назар аударылды.
Жиында делегаттардың ұсынысы бойынша Өзбекстанның «Jump Rope» федерациясының төрағасы болып Ташкент қаласы әкімінің жастар саясаты, әлеуметтік даму және рухани-ағарту мәселелері жөніндегі орынбасары Дурдона Рахимова сайланды.
Еске сала кетейік, Өзбекстандық футболшы Хусанов Манчестер-Ситиде ойнауы мүмкін.