Өзбекстанда кәсіпорындарды күн электр энергиясымен жабдықтау жобасы сәтті жүзеге асырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанда кәсіпорындарды күн электр энергиясымен жабдықтау жобасы сәтті жүзеге асырылды. Бұл туралы ЭКСПО-да өткен «Болашақтың энергиясы» форумының «Төмен көміртекті технологиялар мен жаңартылатын технологиялық шешімдер» атты екінші конференциясында Гамбург техникалық университетінің профессоры Ханно Шаумбург хабарлады.
None
None

«Мен сынамалы жобаға қатыстым,  жобаның мақсаты Өзбекстанның ауылдық мекендерінде климаттық өзгерістер салдарын қаншалықты жұмсартуға болатынын тексеру еді. Бұл Мырзашөл ауданындағы жеке көрсетілім жобасы болды. Содан кейін барлығымыз күн энергиясын фермалар мен зауыттарда қолдану туралы ойландық. Өзбекстанның нақты мәселесі мынада - онда ең кемі 5 ірі қала бар және электр энергиясымен қамту мәселесі жетілдірілмеген. Кейде электр энергиясының жетіспеушілігі орын алады және бұл ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке әсер етпей қоймайды. Осыған байланысты, алдымызға күн энергиясын қолдану үшін жағдай жасау міндетін қойдық», - деді Х.Шаумбург.

Оның айтуынша, жоба аясында тұтыну орындарында жүздеген күн электр станциялары орнатылған. Бұл станциялар дизельді генераторлардан анағұрлым арзанырақ электр энергиясын береді. Одан бөлек, Өзбекстанда күн электр станциялары үздіксіз жұмыс істейді және осының арқасында кәсіпорындар мен тұтынушылар тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге, ғалым заманауи күн батареяларын шығаруда Өзбекстанның өндірістік қуаттылығы мол екенін атап өтті. Бірақ, ол үшін кәсіпорындарды жаңғырту қажет. Күн электр станциялары үшін барлық электроника Германиядан жеткізіледі.

Х.Шаумбург хабарлағандай, енді күн электр энергиясын өндіру үшін қарапайым технологиялық жүйелерді құру міндеті тұр. Олар жергілікті жағдайға бейімделген және өте арзан болуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар