Өзбекстанда қазақстандық капиталмен мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Кейінгі 5 жылда Өзбекстанда шетелдік капиталмен жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны 1,3 есе өсті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстанда қазақстандық капиталмен мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметінше, шетелдік компаниялар саны бойынша Қытай көш бастап тұр. Аталған елдің қатысуымен 3 357 кәсіпорын республиканың әр өңірінде түрлі жобаларды іске асырып жатыр.

- Өзбекстан экономикасына инвестиция бағыттап жатқан елдер арасында Ресей (2 937), Түркия (1 826), Қазақстан (1 041) және Оңтүстік Кореяның (644) үлесі басым, - деп мәлім етті ведомстводан.

Еске салайық, былтыр 11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды. Ресми Астана мен Ташкент арасындағы тауар айналымы $3,8 млрд асты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өңіраралық байланыс нығайып келеді.

Сонымен қатар, ресми Астана мен Ташкентті байланыстыратын жаңа теміржол желісі салынып жатыр

Соңғы жаңалықтар