Өзбекстанда Қазақстаннан әкелінген 1 млн долларлық синтетикалық есірткі тәркіленді
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) Ташкент облыстық басқармасы қызметкерлері ішкі істер органдарымен бірлесіп жүргізген жедел операция барысында Өзбекстанға Қазақстаннан әкелінген синтетикалық есірткі заттары анықталды.

«Науаи» шекаралық кеден бекеті арқылы кірген Әндіжан облысы Қорғантепа ауданының тұрғындары, 1983 және 1988 жылы туған екі азаматқа тиесілі медициналық құрал-жабдықтар тексерілгені атап өтілді. Нәтижесінде олардың ішінде жалпы құны 1 млн АҚШ доллары болатын 4 206 келі «Мефедрон» және 3 970 келі «Альфа-ПВП» синтетикалық есірткісі жасырылғаны анықталды.
Жедел әрекет жалғасып, осы іске қатысты Ташкент қаласы мен облысында тұратын 1992, 1993, 1995 және 2000 жылы туған бес азамат ұсталды. Олар Telegram мессенджері арқылы есірткі саудасымен айналысқан ресейлік азаматтың нұсқауын орындағаны белгілі болды.
«Науаи» шекаралық кеден бекетінде анықталған тағы бір оқиға бойынша, 1980 жылы туған Қырғызстан азаматы тарапынан арбакеш ретінде жалданған азамат Қазақстаннан Өзбекстанға газ плитасын әкелген кезде ұсталып, тінту жүргізілді. Өзбекстанға әкелінген газ плитасы тоқтатылып, тексерілді. Нәтижесінде газ плитасының ішінде 1985 келі синтетикалық «Альфа-ПВП» синтетикалық есірткісі анықталып, процессуалдық тәртіпте рәсімделді. Сонымен қатар жедел әрекет ету жалғасып, заттай айғақтармен аталған есірткі затын қабылдаған кезде Ташкент қаласында тұрған 2006 жылы туған азамат ұсталды.
Екі оқиғаға байланысты Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 246 және 273-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, БҚО-да төрт адамды өлтірген өзбекстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылды.