Өзбекстанда коронавируспен ауырғандар саны 6 адамға жетті

ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат – Өзбекстанда тағы 2 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

15 наурыз күні Өзбекстанның Вирусология ғылыми зерттеу институтында 11 наурыз күні Франциядан келген Өзбекстан азаматынан COVID-19 коронавирусы табылған болатын.

Кеше елдің денсаулық сақтау министрлігі науқастың ұлы мен қызына да вирус жұққанын растаған.

Бүгін Өзбекстанның ДСМ Франциядан келген науқастың әйелі мен немересінен де коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім етті.

Сондай-ақ 15 наурыз күні Ташкент уақытымен 05:15-те «Uzbekistan airways» әуе компаниясының Ыстанбұл-Ташкент бағытындағы 274-рейсімен келген Өзбекстан азаматынан да коронавирус инфекциясы табылған.

Соңғы дерек бойынша, Өзбекстанда науқастар саны алтыға жетіп отыр.


Соңғы жаңалықтар