Өзбекстанда құны 11 миллион доллардан асатын этил спиртін заңсыз сатып жібергендер ұсталды
Өзбекстан бас прокуратурасы жанындағы департаменттің Наманган облысы бойынша басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Наманган облысында 136 млрд сумға (шамамен 11 миллион АҚШ доллары) этил спирті сатып алынып, антисептикалық өнім өндірмей, басқа тұлғаларға сатылған, деп хабарлайды Kazinform департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеруде анықталғандай, «E.l.», «G.Е.» және «E.M.» ЖШС басшылары антисептикалық өнім өндіру мақсатында биржалар арқылы құны 102,7 млрд сумға 4025 тонна этил спиртін сатып алып, антисептикалық өнім өндірмей, этил спиртін іс жүзінде басқа тұлғаларға сатып жіберген.
Сондай-ақ «A.F.» ЖШС басшысы А.А. биржа саудасы арқылы сатып алынған 1263 тонна этил спиртін басқа тұлғаларға сатып жібергені белгілі болды. Сонымен қатар оның осы қаражатқа Lacetti көлігін сатып алғаны анықталды.
«Қазіргі таңда аталған факті бойынша Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.