Өзбекстанда мас күйінде 23 баланы тасымалдаған Damas жүргізушісі қамауға алынды
АСТАНА. KAZINFORM — Науаи облысында Damas жүргізушісі мас күйінде балабақшаның 23 бүлдіршінін тасымалдағаны анықталды, деп хабарлады облыстық ІІБ Жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы.
Оқиға Науаи облысының Навбахор ауданында болған. Тексеру барысында тоқтатылған Damas автокөлігінің салонында 23 бала мен 2 тәрбиеші болғаны анықталды.
Жүргізушіні арнайы құралдың көмегімен тексергеннен кейін оның мас болғаны анықталды. Сондай-ақ оның жүргізушілік куәлігі де, көлік жүргізуге құқығы да жоқ екені анықталды.
— Бір күн бұрын шаршап, сыра іштім, - деп мойындады жүргізуші.
Оған қатысты тиісті шаралар қолданылып, көлік уақытша сақтау үшін айып алаңына қойылды.
Еске сала кетейік, 10 рет ереже бұзған өзбекстандықтар енді көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін.