Өзбекстанда маусым айының қорытындысы бойынша дефляция тіркелді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Маусым айында Өзбекстанда 0,3 % дефляция тіркеліп, жылдық инфляция 9%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстанда маусым айының қорытындысы бойынша дефляция тіркелді

Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, маусымдық дефляцияның негізгі факторы азық-түлік тауарлары болды, олар соңғы айда орташа алғанда 1,1%-ға арзандады, ал азық-түлік емес тауарлар 0,4%-ға, қызметтер 0,2%-ға қымбаттады. Маусым айында азық-түлік тауарларының ішінде көкөністер – 13,8%-ға, жемістер мен жаңғақтар – 2,3%-ға, майлар мен тоң майлар 1,3%-ға ең көп төмендеді.

Ведомство инфляция басынан бастап 3,45% - ға дейін төмендегенін айтты. Жылдық инфляция 9% - ға дейін төмендеді, бұл - 2016 жылдың тамызынан бергі ең төменгі көрсеткіш (8,6%).