Өзбекстанда президент сайлауы өтіп жатыр

Сайлауға төрт үміткер қатысуда - президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның либеральдық-демократиялық партиясы атынан түсуде, Хатамжон Кетмонов Халық -демократиялық партиясынан, Нариман Омаров социал-демократтардан және Сарвар Отамуратов демократиялық партиядан сайлауға қатысуда.
Жаңа мемлекет басшысы бес жылдық мерзімге сайланады. Сайлаушылар тізіміне 20 млн-нан астам адам алынған.
Қазіргі уақытта 14 округтік сайлау комиссиясы ұйымдастырылып, 9 381 сайлау участкесі жасақталды. Сайлауда жеңіске жету үшін үміткер 50 пайыздан астам дауыс жинауы керек. Сайлаушылардың қатысуының төменгі шегі 33%.
Елде студенттер 1-5 желтоқсан аралығында сайлауға байланысты каникулға жіберілді. Ташкент әкімшілігі сайлау күні астанада қоғамдық көлікте жүруді тегін еттті. Автобус бағдарлары мен метрополитен жұмысын сайлау учаскелері ашылғанға дейін бір сағат бұрын 05.00-де бастайды.
Бастапқы нәтижені ОСК 5 желтоқсанда жария етеді.