Өзбекстанда ШЫҰ Саммитінің шағын құрамдағы отырысы басталды

САМАРҚАНД. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі Саммитінің шағын құрамдағы отырысы басталды, деп хабарлайды Ақорда.
None

Айта кетсек, кеше кешке Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына келді.

Мемлекет басшысы Өзбекстанға сапары барысында Самарқандтағы «Мәңгілік қала» кешеніне барып, көрмелер мен шығыс базарын тамашалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін «Конгресс орталығына» келді.


Фото: t.me/bort_01



Соңғы жаңалықтар